Жаңалықтар

Тоқаев: Елімізге жоғары білікті және тәжірибелі кадрлар қажет

Тоқаев: Елімізге жоғары білікті және тәжірибелі кадрлар қажет
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.10.2024 12:08 478

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IX Қазақстан Республикасы судьяларының съезінде елімізге жоғары білікті және тәжірибелі кадрлар қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент сот мамандарын реттеуде және олардың құзыретін күшейтуде аса мән беру қажет екенін алға тартты.

Мемлекет судьялардың сот жүйлерінің әділ және бейтарап іске асыру үшін қажетті жағдайды жасады. Енді бәрі сала мамандарының қолында. Сондықтан елімізге жоғары білікті және тәжірибелі кадрлар қажет. Ең алдымен сот лауазымдарына іріктеу ісін жетілдіре түсу керек. Оның әділ өтуін қамтамасыз еткен жөн. Бұл жұмыста цифрлық технология қолданған абзал. Бұдан бөлек сот кадрларын дайындауға қатысты жаңа ұстанымдар әзірлеу керек. Халықаралық озық тәжірибені ескеру қажет. Биыл шілде айынан бастап Сот төрелігі академиясы Жоғарғы сот кеңесінің құзырына өтті. Мен 2022 жылы Жолдауда Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайту туралы айттым. Яғни нақты кадрлық құзыреті бар толыққанды институт құру міндеті қойылды, - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев академияда үздік нәтиже көрсеткен түлектерге соттардағы бос лауазымды таңдау құқығы берілуі керек екенін айтты. Бірақ Жоғарғы сот судьяларды дайындау ісінен қол үзбеуге тиіс.

Мен жолдауда елімізді дамыту жолындағы нақты міндеттерді айқындадым. Заң және тәртіп идеологиясын орнықтыру мәселесіне ерекше тоқталдым. Сот органдары осы маңызды жұмысқа белсене атсалысуы керек. Мен қазылар қауымына үлкен үміт артамын. Сіздер Әділетті Қазақстанды құруға зор үлес қосасыздар деп сенемін, - деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға