Жаңалықтар

Тоқаев дүрбелең тудырған БАҚ өкілдері мен блогерлерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты

Тоқаев дүрбелең тудырған БАҚ өкілдері мен блогерлерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты
Фото: Ақорда 25.04.2024 12:04 1185

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыртқан БАҚ өкілдері мен блогерлерді сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданылмақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады, - деді Тоқаев ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде.

Президент барлық деңгейдегі билік өкілдері халықтың пікіріне құлақ асуы, жедел және дұрыс шешім қабылдауы керектігін тағыц бір еске салды.

Қазір мемлекет қордаланып қалған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мәжбүр. Азаматтардың басым көпшілігі мұны түсінеді. Бір жағынан, Үкіметтің көптеген саланы жанталаса реттеуіне тура келіп отыр. Екінші жағынан, еліміздің тұрақты дамуына мықты негіз қалыптастыруға тиіс, - деді президент. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға