Ақорда

Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді, - делінген мәліметте.