Жаңалықтар

Тоқаев БҰҰ-ны басқара ма? Президент өзі туралы таралған сыбысқа жауап берді

Тоқаев БҰҰ-ны басқара ма? Президент өзі туралы таралған сыбысқа жауап берді
Фото: Ақорда 03.01.2025 11:02 826

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні туралы ақпараттың анық-қанығын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде Сіз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруыңыз мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Осы қауесеттің негізі бар ма?, - деп сұраған сұхбатта.

Мемлекет басшысы елімізді дамытуға қатысты ауқымды жоспарлары бар екенін атап өтті.

Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін, - деп жауап берді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға