Жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді

Тоқаев бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді
Фото: Akorda.kz 05.10.2023 13:30 730

Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Аталған марапат еңбек ардагері Майра Мәмбетоваға (Алматы қаласы), Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезоваға (Петропавл қаласы), С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимоваға (Түркістан облысы), А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісоваға (Қарағанды қаласы), академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллинге (Павлодар облысы), Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержановаға (Астана қаласы), Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиеваға салтанатты түрде табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға