Тоқаев бір минут үнсіздікпен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31.05.2025 10:51
Фото:
Ақорда
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

