Жаңалықтар

Тоқаев: Астананың салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға

Тоқаев: Астананың салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға
Фото: Akorda.kz 05.07.2023 10:46 691

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президент іс-шараны өзі ашты. Мемлекет басшысы қала тұрғындары мен қонақтарды елорда күнімен құттықтады.

Сіздермен Астана қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Биыл біздің елордамызға 25 жыл толып отыр. Бұл – мерейлі белес. Біз ширек ғасыр бұрын астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр, - деді Тоқаев.

Президент олар Тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына белсене атсалысты, кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосты деп айтты.

Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға