Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
20.04.2023 18:21
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кодексте қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жеті негізгі бағыты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және зейнетақымен қамсыздандыру шаралары көрсетілген:
- балалары бар адамдарды (отбасыны) әлеуметтік қолдау;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары;
- кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер;
- мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау;
- зейнетақымен қамтамасыз ету;
- азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау.

