Ақорда

Тоқаев 8 қыркүйекте жолдау жасайды

26.08.2025 09:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысады.