Төлтаев әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
05.12.2025 19:37
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда ол Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті. Үздіксіз шабуыл алмасқан айқаста Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 4:1. Осы нәтижеден кейін 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлемдік сынның осы кезеңінде жарыс жолын аяқтады.
Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

