Жаңалықтар

Төлем терминалдарын тонаған төрт қызылордалық ұсталды

Төлем терминалдарын тонаған төрт қызылордалық ұсталды
Фото: El.kz 12.06.2023 21:46 869

Төрт қызылордалық төлем терминалдарын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Ішкі істер ведомствосы таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға мамыр айында басталған.

Полицияға дәріханалар мен дүкендердің иелері арызданып, оларға тиесілі екі терминалдың ұрланғандығын айтқан. 4 қала тұрғыны алдын ала жоспар құрған.

Олар түнгі уақытта дәріханалар мен дүкендердің есігін бұзып кіріп, терминалды алып кеткен. Қызылорда қаласының 36-39 жас шамасындағы 4 тұрғыны ұсталды. 2 азамат қалалық ПБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынса, қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Айғақ зат ретінде ұрланған терминал алынды. Шығын көлемі есептелуде. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға