Жаңалықтар

Токионың интернет жылдамдығын өлшеп көрмедім - министр

Токионың интернет жылдамдығын өлшеп көрмедім - министр
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 18.06.2024 12:35 711

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев интернет жылдамдығы мен оның сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су жаңа министрден тілшілер: «Біздің интернет Токионың жылдамдығынан шынымен асып кетті ме? Қандай баға бересіз?», - деп сұрады.

Аталған сауалға министр толымды жауап бере алмай, «Токионың жылдамдығымен өлшеген емеспін» деп қысқа қайырды.

Маған ең маңыздысы, біздің елде интернет сапасының жақсы болуы, соған байланысты жұмыс істейміз. Интернет жылдамдығы нашар жерлерді тексеріп, оны жақсарту үшін әрекет етеміз. Сапасы төмен жерлер бар. Оны жасырмаймыз. Бұл бағытта шешімдер қабылдаймыз, – деді Мәдиев.

Бүгінгі отырыста премьер-министр цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевке интернет сапасын жақсартуға үш ай уақыт берді.

Біз бүгін интернет сапасын көтеру үшін ақтық шараларды ұсындық. Үш ай берілді. Шараларды қолға алып, жұмыс істейміз. Енді басқа амал жоқ, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға