Токиода Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті
15.11.2025 15:46
Фото:
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
15 қараша күні Жапонияның астанасы – Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие — Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Салтанатты шеруде еліміздің көк байрағын сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова көтеріп шықты.
«Еліміздің Туын халықаралық аренада көтеріп шығу – әрбір спортшы үшін ең үлкен абырой. Бұл – маған артылған зор сенім әрі үлкен жауапкершілік. Осы сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын», – деді Айдос Түгелбаев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

