Жаңалықтар

Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер дауыс берді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер  дауыс берді
Фото: СІМ 20.11.2022 06:19 1979

Қазақстан Республикасының Жапония мен Корея Республикасындағы азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Осылайша, Токио қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім», - деді С.Тау.

Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер  дауыс бердіОңтүстік Кореяның астанасындағы №258 учаскеге алғашқы болып қазақстандық Юрий Цой келді. Ол Сеулде 5 жылдан астам уақыт тұрып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

«Мен әрқашан Қазақстандағы жаңалықтарды белсенді қарап отырамын және елдегі оң өзгерістерді көріп жүрмін. Сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге шешім қабылдадым», - деді кәсіпкер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға