Жаңалықтар

Тобыл және Тонтігер өзендерінің бойында 1835 адам эвакуацияланды

Тобыл және Тонтігер өзендерінің бойында 1835 адам эвакуацияланды
Фото: ortcom.kz 06.04.2024 22:20 650

Қостанай облысының оңтүстігіндегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Дегенмен облыс орталығындағы Тобыл өзенінде, Рудный қаласының Перцев ауылында және Қостанай ауданының Тобыл қаласында іргелес аумақтарды су басу қаупі бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қаратомар су қоймасын толтыру қарқынды жүріп жатыр. Еріген қар суын өткізу мақсатында Қостанай қаласының шағын көпір ауданында көлік қатынасы үшін пайдаланылмайтын жол төсемі ашылды. Ал Тобыл өзенінде мұз кептелісінің алдын алу үшін екі рет жарылыс жұмыстары жүргізілді. Тобыл және Тонтігер өзендерінің бойында 1835 адам эвакуацияланды.

Халықты эвакуациялау туралы хабардар ету шаралары алдын ала қабылданды. Қазіргі уақытта облыс бойынша Тобыл өзені мен Тонтігер өзенінің бойында 1 835 адам эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 203 адам бар, қалғандары туыстарына орналастырылды. Жағдайды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады. Осы өңірлерде барлық ескерту және ұйымдастыру шаралары жүргізілуде, - деді Арман Әбенов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға