Тоқаевты өзбек президенті қарсы алды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
15.09.2022 21:37
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды EL.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жерде Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге ағаш отырғызды, - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, бұған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барған болатын.

