Тоқаев Қытай Жаңа жылы мен қысқы Олимпиаданың басталуына қатысты пікір білдірді
26.01.2022 16:44
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.
Достық пен көршілік қарым-қатынас, өзара ынтымақтастық одан әрі де біздің елдеріміздің дамуына қызмет етеді деген сенімдемін. Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен қытай халқын келе жатқан Қытай Жаңа жылымен құттықтаймын. Сондай-ақ 4 ақпанда басталатын XXIV қысқы Олимпиадасының басталуымен құттықтаймын. Олимпиаданың «Бірге, бірлескен болашақ үшін!» ұраны Орталық Азия мен Қытайдың бірлескен тұрақты дамуына бағытталсын, - деді Тоқаев.
Айта кетейік, шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мемлекет басшылары қатысып жатыр.
Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

