Жаңалықтар

Тоқаев Еуропаның беделді басылымына сұхбат берді

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлау әлем үшін беймаза уақытта өтетінін айтты.
Тоқаев Еуропаның беделді басылымына сұхбат берді
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 20.09.2022 23:03 1444
Politico басылымында жарияланған мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзі үшін жабық әрі алысты болжамайтын саясаттан бас тартқаны жөн дегенді алға тартты, деп хабарлайды El.kz.

"Осы айда Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда барынша әділетті және ашық Қазақстанды орнату үшін жаңа демократиялық мандатқа қарай ұмтылатынымды жария еттім", — дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлау әлем үшін беймаза уақытта өтетінін айтты.

"Мен сондай-ақ жеті жылдық бірыңай президенттік мерзім енгізу туралы бастама көтердім. Өйткені, менің ойымша, бұл Қазақстандағы демократияның дамуына шынымен де серпін беріп, елімізді дамыған ел ретінде модернизациядан өткізе алатын қадам. Қазіргі таңда әлемдегі біздің ел тұратын аумақ бойынша ешқандай ел бұндай батыл қадамға барған жоқ", — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ біздің еліміздің геосаяси мүддесі мен ұстанымы туралы да сөз қозғаған.

"Мен бұны жаһандық бүлінудің салдарынан қауіптің алдыңғы шебіне тап болған елдің басшысы ретінде айтып отырмын. Қазақстан үнемі Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болды. Ресеймен арада 7 600 шақырым, Қытаймен 1 800 шақырым шекарамыз бар. Сондай-ақ, Еуропа және өзге де әлем елдерімен ауқымды сауда-саттық орнаттық",- деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент жуырда Парламент алдында таныстырған жоспары туралы баяндады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға