Жаңалықтар

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
13.10.2022 00:14 1489

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты.

Қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сыртқы істер министрлері биылғы 14 қазанында Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға