Спортты дамыту дирекциясы

ТМД ойындары: Қазақстан спортшылары бес жүлде иеленді

01.10.2025 06:32

II ТМД елдері ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасы 2 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әзірбайжанның Гянджа қаласындағы жарыстың 3-күні жүлде алған отандастарымыз табысты өнер көрсетті. Олардың ішінде:

Маргарита Раенко (шалқалай жүзу, 100 м) - күміс
Қазақстан ұлдар құрамасы (еркін стиль, 4×200 эстафета) - күміс
Әлижан Ерсайын, Әлихан Құттымұрат, Ерназар Кудасов, Роман Румынский.
Александр Миронычев (баттерфляй, 100 м) - қола
Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 100 м) - қола
Қазақстан қыздар құрамасы (еркін стиль, 4×200 эстафета) - қола жүлде (Тайисия Короткова, Ева Миленина, Маргарита Раенко, Маргарита Зайцева) еншіленген.

Қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 9 күміс, 17 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр. Әзірбайжандағы ойындарға барлығы 13 мемлекет қатысып жатыр.