Жаңалықтар

ТМД елдері радиациялық жағдай туралы деректермен алмасады

ТМД елдері радиациялық жағдай туралы деректермен алмасады
Фото: © Pixabay.com 12.05.2023 13:40 1043

Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы" келісім жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келісімнің негізгі мақсаты – ТМД мемлекеттерінің аумағындағы радиациялық жағдай туралы мониторинг деректерімен алмасу бойынша құзыретті органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Сондай-ақ радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгеруі туралы деректер мен ақпаратты беру. Осы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында, оның ішінде үшінші мемлекеттердің аумақтарынан радиоактивті заттардың трансшекаралық тасымалы қаупі төнген немесе туындаған кезде радиациялық жағдай мониторингінің деректерін жедел жіберу.

Келісімнің күші радиациялық жағдай мониторингінің мемлекеттік жүйелері алатын деректерге қолданылады. Келісімнің күші атом энергиясын пайдалану объектілерінің өнеркәсіптік алаңдарынан келіп түсетін радиациялық жағдай мониторингінің деректеріне қолданылмайды, - делінген келісім жобасында.

Келісім бойынша ТМД мемлекеттері деректермен тұрақты алмасуы және берілетін ақпарат дұрыс болуы тиіс. Қажет болған жағдайда бұрын берілген ақпаратқа түзетулер мен нақтылауларды жедел енгізу керек. Кез келген күтпеген жағдайлар туындаған кезде ақпаратты беру мүмкін еместігі туралы уақытында ескертуі тиіс.

Тараптардың уәкілетті органдары Комиссияның шешімімен бекітілетін радиациялық жағдайдың мониторингі деректерімен алмасудың бірыңғай тәртібін бірлесіп әзірлейді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға