Жаңалықтар

ТМД байқаушылары мыңнан астам учаскені аралады – Сергей Лебедев

Кезектен тыс Президент сайлауына ТМД елдерінен 174 халықаралық байқаушы қатысты
ТМД байқаушылары мыңнан астам учаскені аралады – Сергей Лебедев
Фото: El.kz 21.11.2022 12:49 2093

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен байқаушылардың отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бақылау барысында ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сайлаудың ұйымдастыру жұмысына тәнті болғанын айтты.

«Сайлау науқаны басталғаннан бері біздің 10 бақылаушы өңірлерді аралап дайындықты пысықтады. Ал кешегі дауыс беру барысына қысқа мерзімді байқаушылар түгел жиналып, барлығы 9 мемлекеттен 174 халықаралық бақылаушы дауыс беру барысын қадағалады. Дауыс беру барысында барлық өңірден түнге дейін ақпарат алып отырдық. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтқым келеді», - деді ол.

Кешегі өткен ҚР Президентін анықтайтан кезектен тыс сайлаудағы дауыс беру науқанына ТМД елдерінен 174 халықаралық байқаушы қатысты. Миссия басшысы Сергей Лебедевтің сөзінше бақылаушылар сайлауға тыңғылықты дайындалған. Сондай-ақ, сайлау науқанында Қазақстан азаматтарының дауыс беруге қатысуда белсенді болғанын және әрбір сайлау учаскесінде Қазақстандықтардың дауыс беруге түгел отбасымен келуін ерекше атап өтті.

«Қазақстан бойынша азаматтардың дауыс беру белсенділігі 70%-ды құрап отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Өңірлер бойынша да азаматтардың тең жартысы дауыс беруге қатысты. Тек Алматы қаласының белсенділігі төмен болды. Елордада мен сайлау учаскесіне сайлаушылардың жалғыз емес отбасымен көп келуін ерекше айтқым келеді»,-деді Сергей Лебедев.

Сонымен қатар дауыс беру барысында кандидаттар арасында «қара пиар» жүргізілмеді. Айтуынша, дәл осы жағдай дауыс беруде ешқандай заң бұзушылықтың болмауына себепкер болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға