Жаңалықтар

Өткен тәулікте 2713 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 2713 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Фото: el.kz 31.07.2022 08:58 1517

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2713 жағдай тіркелді, деп хабарлайды  El.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 350 180-ге жетті. 

Соңғы тәулікте анықталған науқастардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 951, Алматы қаласында - 532, Шымкент қаласында – 64, Ақмола облысында – 120, Ақтөбе облысында – 41, Алматы облысында - 44, Жетісу облысында - 100, Атырау облысында - 49, Шығыс Қазақстан облысында - 27, Абай облысында - 35, Жамбыл облысында - 57, Батыс Қазақстан облысында - 42, Қарағанды облысында - 345, Ұлытау облысында - 5, Қостанай облысында - 66, Қызылорда облысында - 73, Маңғыстау облысында - 24, Павлодар облысында - 68, Солтүстік Қазақстан облысында 43-і тұрады. Түркістан облысында - 27.

Сондай-ақ Қазақстанда 1887 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 310 513 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 30 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 554 692 адам, 2 — ші компонентін 9 334 578 адам салдырды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға