Жаңалықтар

Өткен айда Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізген жоқ

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі төмендеді
Өткен айда Ұлттық Банк  валюталық интервенция жүргізген жоқ
Фото: baq.kz 01.09.2022 10:43 1701

Тамыздың қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 472,29 теңгеге дейін (1%-ға) нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 118,6 млн АҚШ долларынан 98 млн АҚШ долларына дейін төмендеді, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрады. Валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңестірілді. «Үлкен салық аптасы» ұсыныс тарапынан қосымша фактор болып табылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы шамамен 469,5 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады.

Ұлттық Банк тамызда валюта нарығына қатыспады: валюталық интервенция жүргізбеді, БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады, сондай-ақ Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату процесіне қатысқан жоқы. Трансферттер Ұлттық қорға теңгедегі түсімдер есебінен қамтамасыз етілді.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға