Жаңалықтар

«Тінту барысында ер адам болған жоқ». ІІМ журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінтуге қатысты

«Тінту барысында ер адам болған жоқ». ІІМ журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінтуге қатысты
Фото: facebook.com/Сандугаш Дуйсенова 15.08.2023 11:40 1075

Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері ведомство басшысынан «қорғаушы Бауыржан Азановпен сөйлескенімізде азаматтарды шешіндіріп тексерудің қажеті жоқ екенін, тек қолмен тексеруге болатыны туралы айтты. Ал сіздер тінту барысында мұндай талаптарды қайдан алдыңыздар?» деп сұрақ қойды.

Қылмыстық істі жүргізу талаптары бойынша ол іс-шаралар жүргізілген. Оның заңдылығын прокурорлардың тексеруге мүмкіндігі бар. Іс жүргіліп жатқан кезде - тінту барысында жанында қорғаушысы болды. Қорғаушысының сөзі бойынша, ашық деректе ешқандай ақпарат айтылмады. Журналист неге ойлай деп айтқанын білмеймін, дегенмен мен тінту барысында ер адам болды деген ақпаратты оқыған жоқпын, - деп жауап берді Марат Қожаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға