Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
04.09.2023 10:09
Фото:
t.me/senate_kz
Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді.

