Тимур Құлыбаев қызметінен кетті
Фото: Тимур Құлыбаев / kazenergy.com
Фото: Тимур Құлыбаев / kazenergy.com
08.12.2023 14:43
8494
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қауымдастықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.
Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен KAZENERGY кеңесінің жеке отырысында қабылданды, - делінген хабарламада.
KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылғы 2 қарашада құрылды. Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға