Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады
09.08.2024 03:20
Фото:
ҰОК / Владислав Семенов
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының өкілдері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының В финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшылар екілік каноэде 500 метрге жүзуден сынға түскен болатын.
В финалында қазақстандықтар үшінші орыннан көрінді.
Жалпы есепте Хайдаров пен Емельянов жұбы 11-орын иеленді.

