Жаңалықтар

Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты - Президент

Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты - Президент
Фото: Ақорда 15.03.2024 15:33 720

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың III отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесін көтерді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық, - деді Президент.

Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түскенін айтты.

Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында. Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек, - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға