TikTok Қазақстандағы бизнес үшін қалай маңызды құралға айналды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы TikTok халықаралық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компаниядан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok/ByteDance халықаралық компаниясының өкілі Михаил Якушев қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйым мәліметінше, кездесуде TikTok Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Бұл платформа тауарлар мен қызметтерді ілгерілетудің, бренд туралы хабардарлықты арттырудың және аудиториямен байланыс орнатудың қуатты құралына айналды.
«Атамекен» ҰКП жергілікті компанияларды қолдау, жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыру, бизнес процестерді құру және кәсіпкерлерді цифрлық экожүйеге тарту мақсатында TikTok халықаралық компаниясымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
TikTok қарапайым платформадан цифрландыруға, экономиканың өсуіне және кәсіпкерліктің дамуына ықпал ете отырып, Қазақстандағы бизнес үшін маңызды құралға айналды. Бүгінгі таңда осы платформа арқылы бизнес белгілі бір аймақтар мен аудиторияларға бағытталған жарнамалық науқандарды жүргізе алады, - делінген мәліметте.
Алдағы уақытта «Атамекен» ҰКП мен TikTok халықаралық компаниясы бірлескен ынтымақтастықты жетілдіру бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізетін болады.

