Жаңалықтар

Теріс өзені туралы 4 аңыз

Тылсым табиғат
Теріс өзені туралы 4 аңыз
24.07.2017 17:16 23669

Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан бастауын алып, бұрала ағып барып, Терісащыбұлақ бөгеніне құятын Теріс өзені бар. Кей аңыздарда таудан төмен емес, жоғары қарай ағатын өзеннің ағысы белгілі уақытта оң болып қалатыны айтылады. Халық аузында осы секілді бірнеше аңыз-әңгімелер жүр.

1-аңыз

Бір әулие кісінің теріс батасы, өзеннің ағысын кері бұрған дейді.

2-аңыз

Есте жоқ ескі заманда бір абыз өзеннің тұсында арғы бетке өте алмай, өткел іздеп, әбден әбігер болған бір топ қауымды көріп, олардың күйзелісіне шыдай алмай тәңірден сол өзеннің ағысын кері болуын сұрапты. Тасып, арнасынан асып жатқан өзен абыздың қалауының арқасында бірден ағысын өзгертіп теріс аға бастапты. Ал халық иіріліп тұрған тұсы өткел болған екен.

 3-аңыз

Өлердей ғашық болған жігіті тастап, жүрегі жараланған қыз аталған өзен теріс ақсын деп қаратіленген екен. Налалы жанның дегені қабыл болып, өзен тауға қарай бағытын өзгертіпті.

4-аңыз

Жаугершілік заманда дұшпандары жан-жақтан қысқан халық, бас сауғалау үшін тауға қарай қашады. Әлдері құрыған көптеген жас балалар мен жасы үлкен кісілер тәңірден өзен арқылы ілгері көтерілуді тілепті. Олардың тілегі қабыл болып, өзен жоғары қарай ағып, діттеген жерлеріне жеткізіп тастапты.  

*өзеннің құпиясы бүгінге дейін белгісіз болып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға