Тергеу қамауындағы 5000-нан астам азамат сайлауда дауыс бере алады
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
20.11.2022 09:24
1026
Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды, – деп хабарлайды EL.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының тергеу изоляторлары дауыстарды қабылдау жұмысына кірісті. “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлауға қатысу құқығы бар.
Бес мыңнан астам тергеу-қамауындағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге қатысу мүмкіндігі бар. Елімізде барлығы 16 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы мекеме орналасқан жердегі сайлау округіне кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлауға келген тұрғындарға көмек көрсетеміз – ерікті