Жаңалықтар

«Терезеден кірген». Ақтөбеде ер адам дәрігер қызды өз үйінде өлтіріп кетті

«Терезеден кірген». Ақтөбеде ер адам дәрігер қызды өз үйінде өлтіріп кетті
Фото: коллаж El.kz 24.04.2024 11:14 1840

Ақтөбеде ер адам дәрігерді өлтіріп, полицейді жарақаттап қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

35 жастағы ақтөбелік ер адам қыздың пәтеріне терезесі арқылы кіріп кеткен. Тергеу мәліметі бойынша, ер адам дәрігерді пышақтап өлтіріп кеткен. Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторы жеткенімен, суық қаруы бар ер адам оны да жарақаттап, қашып кетіпті. 

Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға