Тепловоз машинистері 16 миллион теңгенің дизель отынын ұрлаған
22.11.2024 22:18
Фото:
Polisia.kz
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.
Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, “ҚТ ҰК” АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

