ktf.kz

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

10.05.2023 04:23

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандықтар D тобында екінші кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Омарханов Жу Фенгті жеңді – 6:4, 6:0.

Жұптық сында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарының осал тұсын тапты – 6:3, 6:4.

Осылайша 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Өзбекстанмен өтетін матчта топта кімнің бірінші орын алатыны шешіледі. Ширек финал жеребесі бүгін, 10 мамыр күні, кешкісін тартылады.