Теннисші Елена Рыбакинаның табысы қанша?
Қазақстандық теннисші Елена Рыбкинаның табысы үш миллион долларды құрайды, бұл туралы caknowledge қаржы порталында жарияланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай сараптама Wikipedia, Forbes, Bloomberg секілді әртүрлі интернет-ресурстарынан алынған мәліметтер негізінде жүргізілген.
"Елена Рыбакинаның байлығы 2023 жылы шамамен үш миллион долларды құрайды. Ол Халықаралық теннис аренасында дүр сілкіндірген Қазақстаннан келген келешегі зор кәсіби теннисші. Ол өзінің жас мансабында үлкен жетістіктерге жетті", - деп жазады портал.
Елена Рыбакинаның қазіргі айлық табысы 40 мың долларға, ал жылдық табысы жарты миллион долларға бағаланған.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина "Уимблдон-2022" чемпионы және "Австралия-2023" ашық чемпионатының финалисті.