ҚР ҰОК

Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті

08.10.2025 20:09

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 ірі турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жұптық сайыстың 1/8 финалында Данилина мен сербиялық Александра Крунич жапон Сюко Аояма және испан Кристина Букша жұбымен кездесті.

Тартысқа толы кездесу 3:6, 6:4, 12:10 есебімен аяқталды.

Осылайша, Данилина мен Крунич турнирдің ширек финалына өтті.