Теннисші Александр Бублик US Open-2025 турнирін жеңіспен бастады
27.08.2025 14:16
Фото:
ҚР ҰОК
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан беделді US Open-2025 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол хорватиялық Марин Чиличтен (АТР рейтингінде 62-орын) басым түсті. Кездесу 6:4, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.
Матч 1 сағат 51 минутқа созылды. Осы уақытта Бублик 16 эйс жасап, төрт қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық спортшы Тристан Скулкейтпен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

