Теннис: Тимофей Скатов Германиядағы жарысты жеңіспен бастады
06.06.2023 06:13
Фото:
Olympic.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өткізді.
Тимофей Скатов 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен таласады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

