Теннис: Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде 53 сатыға жоғары көтерілді
16.10.2023 23:56
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 36-ға сырғыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тимофей Скатов 134-тен 190-ға құлдырады. Есесіне басқа теннисшілер көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Михаил Кукушкин 245-тен 211-ге, Денис Евсеев 260-тан 240-қа көтерілді.
Бейбіт Жұқаев бірден 53 сатыға жоғарылап, 302-ден 249-ға жайғасты.
Жұптық сында Александр Недовесов 45-тен 43-ке, Андрей Голубев 65-тен 62-ге шықты.
Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орында қалса, Юлия Путинцева 68-ден 66-ға көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 32-сатыда тұрса, Рыбакина 116-дан 115-ке ауысты. Жібек Құламбаева 154-тен 157-ге төмендеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

