Теннис: Александр Бублик АҚШ-тағы чемпионатта жеңіліп қалды
29.08.2023 02:12
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, аустриялық Доминик Тиммен өткізді.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Д.Тим 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Доминик Тим 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. А.Бублик 6, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, А.Бублик Д.Тимнан тағы да жеңіліс тауып, 2019 жылғы Ролан Гарроста кеткен есені қайтара алмады.
Енді Александр Бублик жұптық сында өнер көрсетеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

