Теннис: Александр Бублик АҚШ-та өтетін турнирде бақ сынайды
29.07.2023 20:17
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
АҚШ-тың Вашингтон қаласында 31 шілде – 6 тамыз аралығында ATP 500 турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Александр Бублик доданы екінші айналымнан бастайды.
А. Бублик турнирге арнайы шақырту алған франциялық, қазіргі кезде рейтингте 322-орында тұрған Гаэль Монфис немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.
Америкалықтар Тейлор Фритц пен Фрэнсис Тиафо турнирдің бірінші және екінші ракеткалары болып тіркелген.
Бүгін Вашингтонда іріктеу сайыстары басталады.
Әлемнің 26-ракеткасы А. Бублик осының алдында Галле ATP 500 жарысының жеңімпазы атанып, Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

