Жаңалықтар

Теңізшілер мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Теңізшілер мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты
Фото: МО Қоғамдық коммуникация қызметі 25.10.2023 15:25 954

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Салтанатты шара мемлекеттік туды көтеруден, сондай-ақ мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды.

Құрметті теңіз жаяу әскерлері, осы мереке күні жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен бірлік тілеймін. Республикамыздың Қарулы Күштері әрқашан алға қойылған міндеттерді орындайтынына сенімдімін, - деді теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Бердімұрат Әбибуллаев.

Айта кетейік, бөлім басшылығы ұлттық мерекеге орай ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарын мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға