Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру бір жылда 12 млн тоннаға ұлғайтылмақ
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
08.10.2023 16:19
836
Атырау облысында негізгі үш кен орнында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Теңізде болашақта кеңейту жобасы қарастырылып отыр. Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасы 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік бермек.
Бұл туралы Атырау облысының тұрғындарымен есептік кездесуде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Сонымен қатар, Қарашығанақта 4-ші газды қайта айдау компрессоры іске қосылды, құны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 5-ші компрессорды іске қосу басталды және құны 735 миллион доллар болатын 6-шы компрессордың құрылысы басталды.
Бұл жобалар кен орнындағы мұнай өндіруді жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде ұстауға бағытталған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Қашағанда қуаттылығы 1 миллиард текше метр ілеспе газды өңдеу жобасы басталған. Қашағанда қуаттылығы 2-ден 6 миллиард текше метрге дейін газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
А.Сәтқалиев қазір үш мұнай өңдеу зауытындағы апат деңгейін төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау мұнай өңдеу зауытында "Газтурбиналық станция құрылысы" жобасы жүзеге асырылып жатқанын атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық самбошы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Келесі жаңалық
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды