Жаңалықтар

Теңіз кен орнында құстар мобильді нысанды бұзу жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты

Теңіз кен орнында құстар мобильді нысанды бұзу жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты
Фото: ТШО 07.07.2023 16:51 2018
Теңіз кен орнында демонтаждау жұмыстары екі аптаға тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
ТШО баспасөз қызметі мұндай шешім қабылдауға торғай балапандары бар ұяның табылуы себеп болып отырғанын мәлімдеді.
 
Теңіз кен орнында жұмыс кезінде үшінші буын зауытының аумағында балапандары бар торғайдың ұясы табылды. Жұмысшылар балапандарға жақын маңда бөлшектеу жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Экологтар аумақты қоршап, балапандарға ұяның айналасында 10-15 метр қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етті. Жұмысшылардың барлығы бұл балапандардың жақын уақытта қанаттары қатайып, ұяларынан ұшып кететінін түсініп, шыдамдылықпен күтті. Бүгін біз сіздермен балапандардың ұшып, үлкен өмірге қадам басқан сәтінің мына суреттерімен қуана бөлісіп отырмыз", - деп жазылған "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 
Жұмысшылар табиғатқа өте қамқорлықпен қарайтыны атаған. Мысалы, 2021 жылы Теңіз кен орнында кузовтарға құс ұялары салынуына байланысты бірнеше автомобиль жаз бойы жұмысқа пайдаланылмаған еді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға