Жаңалықтар

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңгені өзіне жұмсаған

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңгені өзіне жұмсаған
Фото: Видеодан алынған кадр 04.08.2023 15:27 1131

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепшісі аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.

Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған. Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген, - делінген мәліметте.  

Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға