Жаңалықтар

Теміржолдар бойында 100 км астам қоршау орнатылады

Теміржолдар бойында 100 км астам қоршау орнатылады
Фото: pixabay.com 15.02.2023 14:18 1119

Көліктегі полиция мен тасымалдаушы компания желілік бөлімшелерінің басшылары теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте аталып өткендей, теміржолдар бойындағы оқыс оқиғалар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында көп тіркелген. Негізгі себеп – адамдардың абайсыздығы және қауіптілігі жоғары аймақта ережелердің сақталмауы.

ҚТЖ-дағы магистраль объектілерінде тұрақты негізде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жүргізіліп келеді. Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 км қоршау орнатылған. Білім беру мекемелерінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтер жүргізіледі.

2024 жылдың соңына дейін Астана - Ақтөбе, Астана - Атырау, Астана - Защита, Алматы - Маңғышлақ, Алматы - Жезқазған, Астана - Орал учаскелеріндегі теміржолдар бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жаңаарқа (Қарағанды облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы), Достық (Алматы облысы) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға