Жаңалықтар

Теміржол қызметкерлері АЭС салудың қаншалықты қажет екенін айтып берді

Теміржол қызметкерлері АЭС салудың қаншалықты қажет екенін айтып берді
Фото: Amanat партиясы 13.09.2024 22:14 480
Жамбыл облысында Халықтық штаб мүшелері жергілікті теміржол қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде 110 мыңнан астам отандасымыз «Қазақстан темір жолында» еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Олардың ерен еңбегі елдегі барлық көлік инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз етеді. Олар Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды. Мәселен, теміржол саласына кешенді реформалар қажет, жаңа темір жолдар салу, жаңа пойыздар, вагондар сатып алу, цифрландыруды енгізу және басқа да мәселелерді шешу керек.
 
Мәселен, теміржол желісін электр энергиясымен қамтудың төмен деңгейі бүгінде өткізу қабілеті шектеулінің бірден-бір себебі болып отыр. Бұл – жолаушылар мен жүктерді жеткізу жылдамдығына да кері әсер етеді. Шу-Алматы учаскесінде электр энергия жиі үзіледі. Транзиттік әлеуеті жоғары мемлекетіміз үшін бұл қомақты пайдадан қағылу деген сөз. Бұған жол беруге болмайды. Жедел шешімін табу қажет. АЭС құрылысы осы мәселелердің шешімін тауып, отандық темір жолдың қолжетімді тарифтер бойынша сенімді электр энергиясына деген қажеттілігін жабады.
 
Штаб мүшелері өңір күн және жел электр станциялары бойынша елде жетекші орынға ие екеніне қарамастан, олар тұрақты қуат бере алмайтынын атап өтті. АЭС қауіпсіздігі туралы айта отырып, Парламент ядролық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты жеке заң қабылдайтыны ерекше атап өтілді. Бұл құжат АЭС-ты жобалау, салу және пайдаланудың қатаң қауіпсіздік стандарттарын қамтиды.
 
Кездесу барысында теміржолшылар АЭС құрылысы арқылы көлік саласында көптеген жаңа перспективалар ашылатынын, көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік болатын атап өтті. Сондықтан Жамбыл облысының теміржолшылары АЭС құрылысын толық қолдайтынын мәлімдеп, барша қазақстандықтарды осы шешімнен үлгі алуға шақырады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға