Видеодан алынған кадр

Теміртаудағы жарылыс: үйінді астынан әйел адамның денесі шығарылды

15.02.2024 11:07

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, сағат 09.49-да үйіндінің астынан қаза тапқан әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді. ТЖМ газ жарылысы салдарынан болған өрт сағат 10:25-те сөндірілгенін мәлім етті.

Еске салайық, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған. Сонымен қатар, үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді.