Жаңалықтар

Теміртауда жер учаскелерін бөлуге өтінімдер қабылданып жатыр

Теміртауда жер учаскелерін бөлуге өтінімдер қабылданып жатыр
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 16.02.2024 23:43 905

Теміртауда жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлуге өтінімдер қабылдау басталды. Он гектар жер қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде кезекте тұрғандарға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала бойынша барлығы 1943 адам бар. Алдағы 2-3 жылда 500-ге жуық учаске бөлу жоспарлануда.

2008 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10-шы және 11-ші шағын аудандарда алаңдар анықталды. Бірақ ол кезде ешқандай коммуникация болған жоқ – электр қуаты да, су да жоқ. Тиісінше, біз учаскелерді бөлген жоқпыз, – дейді Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Гомаров. – Жақында осы шағын аудандарға коммуникациялар жалғадық және оларды коммуналдық кәсіпорындардың балансына бердік, осылайша болашақта учаске иелері техникалық шарттарды ала алады. Онда электр желілері, су құбырлары және табиғи газ 2026 жылы тартылды.

10 сотық жер алу үшін кезекте тұрғандар Теміртау жер қатынастары бөліміне жүгінуі қажет. Өтінім бергеннен кейін және кезектілікті тексергеннен кейін қажетті құжаттарды рәсімдеп, геодезистердің көмегімен өз учаскелеріңіздің шекараларын белгілей аласыз.

Мұның бәрін eGov.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жасауға болады. Кезекте тұрғандар бізге бөлімге жүгіне алады, біз оларға кеңес береміз, көмектесеміз. Жер учаскелерін ресімдегеннен кейін игеру мерзімі – үш жыл, – деп атап өтті Ерлан Гомаров.

Сондай-ақ Теміртауда саяжай учаскелеріне түгендеу жүргізу жоспарлануда. Жұмыс арнайы әзірленген Жол картасы аясында жүргізіледі және саяжай қауымдастықтарында тәртіп орнатуға көмектеседі.

Жер учаскелерін бөлу және саяжай учаскелерін түгендеу туралы толығырақ Теміртау қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің (8-7213) 93-11-10 телефоны арқылы немесе Теміртау қаласы, 6-шағын аудан, 14-үй мекенжайы бойынша білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға